Облыстың кәсіподақ филиалын құру туралы шешім қабылдады

Орталық Кеңестің 2022 жылғы 13 маусымдағы №19 қаулысына сәйкес «SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы» Республикалық қоғамдық бірлестігі Облыстың кәсіподақ филиалын құру туралы шешім қабылдады. Осыған байланысты «SENIM» кәсіподағының төрағасы Сапарбек Дүйсенов пен Қарағанды облыстық филиалының төрағасы Ноян Бидайбаев Жезқазған қаласына жұмыс сапарымен барды. Жезқазған қаласының көпсалалы ауруханасының ұжымымен, сондай-ақ Ұлытау облысының бастауыш кәсіподақ ұйымдарының төрағаларымен кездесу өткізілді. Медицина қызметкерлерін қызықтыратын мәселелер: кадр тапшылығы, жас мамандарға қолдау көрсету, сондай-ақ жалақыны уақтылы төлеу мәселелері талқыланды. Кездесу қорытындысы бойынша жаңадан құрылған облыстың медицина жұртшылығына конференция өткізілгенге дейін Төрағаның міндетін атқарушы Балшекер Ермағанбетова таныстырылды.