«SENIM» лайықты мерекені жалғастыруда!

«SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағының Қарағанды облыстық филиалының төрағасы Ноян Бидайбаев Қарағанды облысы Денсаулық сақтау басқармасының «Облыстық психикалық денсаулық орталығы» КМК және Қарағанды облысы Денсаулық сақтау басқармасының «Шахтинск қаласының емханасы» КМК ұжымдарымен кездесті. Ноян Бидайбаев ұжымдарды аймақта, сондай-ақ ел бойынша кәсіподақтың атқарған жұмыстары туралы хабардар етті. Қорытындылай келе, медициналық қоғамдастыққа осы қиын кезеңде жүргізіліп жатқан жұмыстары үшін алғыс айтып, барлығын Дүниежүзілік денсаулық күнімен құттықтады!

Қарағанды облысының кәсіподақ қозғалысын дамытудағы жемісті еңбегі мен зор жеке үлесі үшін кәсіподақтың келесі мүшелері атап өтілді:

  • Денсаулық сақтау жүйесінде 40 жылдан астам жұмыс істеп келе жатқан Қарағанды облысы Денсаулық сақтау басқармасының «Шахтинск қаласының емханасы» КМК акушер-гинеколог дәрігері «Кәсіподақ ардагері» төсбелгісімен Валентина Полянская марапатталды;
  • «SENIM» кәсіподағының төсбелгісімен Қарағанды облысы Денсаулық сақтау басқармасының «Шахтинск қаласының емханасы» КМК бірінші кәсіподақ ұйымының төрағасы Шолпан Бейсембаева марапатталды;
  • «SENIM» кәсіподағының төсбелгісімен Қарағанды облысы Денсаулық сақтау басқармасының «Облыстық психикалық денсаулық орталығы» КМК бірінші кәсіподақ ұйымының босатылған төрағасы Ләйлә Закрина марапатталды.

#kasipodaqkz #БКҰ21 #kasipodaqkomektesude #ӘлеуметтікӘріптестік #ҚалыңҚалайБастауыш #ҚРКФ #Қарағанды #БастауышКәсіподақҰйымыЖылы