Кәсіподақ жетекшілеріне арналған өңірлік оқыту семинары аяқталды.

Екінші күн бағдарламасында келесі тақырыптар қамтылды: «Дәрігерлердің кәсіби қызметін құқықтық қорғау тетігін құру алгоритмі» және «Қауіпсіздік техникасы және еңбекті қорғау. Еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғалар».

Қарағанды облыстық делегациясы тақырыптарды талқылауға белсенді қатысып, өз тәжірибелерімен алмасты. Соңында семинардың барлық қатысушыларына сертификаттар табысталды. Мұндай семинарларды өткізу барлық қатысушылардың қызығушылығын тудырды, өйткені кәсіподақ белсенділерінің білім деңгейін арттыру жүйелі негізде қажет.