ЗИЯТКЕР КӘСІПОДАҚ ЖАСТАРЫ

«SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы» РҚБ Қарағанды облыстық филиалының жас көшбасшылары «ЗИЯТКЕР КӘСІПОДАҚ ЖАСТАРЫ» зияткерлік ойындар сериясының ақтық кезеңіне қатысты.

Зияткерлік ойын Қазақстан Республикасы кәсіподақтар Федерациясы Қарағанды облысының Кәсіподақ орталығы жанындағы «Келешек» Жастар Кеңесі білім және ғылым қызметкерлерінің Қазақстандық салалық кәсіптік одағының Қарағанды облыстық ұйымымен бірлесіп жариялаған әлеуметтік әріптестік жылы аясында ұйымдастырылды.

Команда 5 адамнан тұрды, олар ойын барысында жиналып, логикалық есептерді шешті.

Ойын нәтижесінде «SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағының Қарағанды облыстық филиалының командасы 2 орынға ие болды.

Жеңімпаздар командасы ақшалай сыйлық, кубок, грамота және сыйлық жиынтықтарын алды.