Тексеру — ревизиялық комиссиясы туралы ереже

  1. Жалпы ережелер

1.1. «SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы»  (әрі қарай- Кәсіподақ) Республикалық қоғамдық бірлестігінің Тексеру-ревизиялық комиссиясы өз жұмысын Кәсіподақ Жарғысы, осы Ереже және де Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдарына сәйкес ауызбірлік және ашықтық принциптерімен атқарады.

1.2. Кәсіподақтың Тексеру-ревизиялық комиссиясы Кәсіподақ Орталық Кеңесінің өкілеттігі мерзіміне сәйкес тексеру жұмысымен, қаржы-шаруашылық жұмысымен таныс, жеткілікті мамандандырылған кәсіподақ мүшелері арасынан съезде сайланады. Комиссия өз жұмысын дербес жүргізеді және Кәсіподақ съезіне ғана есепті.

1.3.Тексеру-ревизиялық комиссиясы мүшелерінің санын съезд анықтайды.

1.4. Комиссия мүшесі болып Кәсіподақ Орталық Кеңесінің мүшелері не оның аппаратындағы штатта тұрған адамдар сайлана алмайды.

  1. Жұмыстың мазмұны

2.1. Тексеру-ревизиялық комиссиясы Кәсіподақтың барлық деңгейдегі сайланбалы органдарының жұмысын тексереді.

2.2. Тексеру-ревизиялық комиссиясының бақылауында:

— Кәсіподақ Жарғысының, съезд, конференция, жиналыс және тұрақты жұмыс істейтін кәсіподақ органдарының шешімдерінің орындалуы;

— мүшелік жарналардың дұрыс саналуы,толық және уақытында төленуі және олардың Кәсіподақтың жоғарғы органдарына аударылуын қадағалайды;

— банктегі бос финанс қаражаттарынан, акциялардан басқа да құнды қағаздардан, шаруашылық және басқа да түсімдер;

— Кәсіподақ мүлкін ақшалай және заттай құндылықтардың сақталуы, шығыстардың заңдылығы мен тиімділігі, құрылған фондтарды пайдалану қажеттігі;

— кәсіподақ бюджеті мен сметасының орындалуы;

— қаражат және статистика есептерінің дұрыстығы;

— іс жүргізу, кәсіподақ органдарында құжаттардың өту тәртібінің сақталуы, кәсіподақ мүшелерінің арыздары, шағымдары және ұсыныстарының қаралуы.

2.3. Тексеру-ревизиялық комиссиясы өз атына түскен хаттарды, өтініштерді және кәсіподақ мүшелерінің шағымдарын қарайды, бастауыш және аумақтық ұйымдардың ұсыныстары бойынша тиісті шешімдер қабылдайды.

2.4. Тексеру-ревизиялық комиссиясы Кәсіподақтың құрылымдық бөлімшелерінің Тексеру комиссияларына әдістемелік және нақты көмек көрсетеді, іс жүргізу туралы түсініктеме және кеңес береді.

  1. Құқықтары мен міндеттері

3.1. Тексеру-ревизиялық комиссиясының мүшелері съезд жұмысына, Орталық Кеңестің мәжілістеріне қосымша дауыс құқығымен қатыса алады.

3.2. Тексеру-ревизиялық комиссиясының құқықтары:

3.2.1. Тексеру өткізу объектісінен Тексеру өткізу үшін қажетті есептік құжаттарды және басқа да құжаттарды алуға, тексеру кезінде аңықтамалар мен түсініктер алуға.

3.2.2.Ақшалай қаражаттың нақты қалдықтарын, материалдық құндылықтардың сақталуын тексеруге.

3.2.3. Тексеру өткізу үшін Кәсіподақтың құрылымдық бөлімшелері тексеру комиссияларының мүшелерін және қажет жағдайда білікті кеңесшілерді, сарапшыларды Кәсіподақтың ОК есебінен тексеруге қатыстыруға.

3.2.4. Кәсіподақ мүшелері мен тиісті сайланбалы органдары тексеру нәтижелерімен, ҚР заңнамаларын бұзу аңықталған жағдайда оларды жауапқа тарту шаралары туралы мәлімдейді.

3.3. Тексеру-ревизиялық комиссиясының міндеттері:

3.3.1. Сайланбалы Кәсіподақ органдарының қызметін бақылап, олардың Жарғылық және қаржылық-шаруашылық жұмыстарын әрдайым тексеріп тұру.

3.3.2. Осы қателіктерді жою шараларын іске асыруды бақылау.

  1. Жұмыс тәртібі

4.1. Комиссия өзі бекітетін жоспар бойынша жұмыс істейді.

Кәсіподақ Орталық Кеңесі жұмысын тексеру кем дегенде жылына бір рет, құрылымдық бөлімдерінде жұмыс жоспарына сәйкес немесе қажеттілігіне қарай өткізіледі.

4.1.2. Жұмыс жоспары, тексеру өткізу тәртібі және оның нәтижелері, тәртіп бұзушылықты жою шаралары туралы мәселелер комиссия мәжілістерінде қаралады.

4.1.3.Комиссия мәжілістері қажетіне қарай, бірақ кем дегенде жылына бір рет өткізіледі. Жұмысына, оның құрамына сайланған мүшелердің жартысынан астамы қатысқан жағдайда комиссия мәжіліс өткізуге құқылы болып саналады. Шешім, қатысып отырған комиссия мүшелерінің жартысынан астамы дауыс берсе, қабылданды деп саналады.

4.1.4. Комиссия мәжілісі хаттамамен расталады, тексеру материалдары тексеруші және кәсіподақ органдардың басшылары қол қойған актімен реттеледі. Тексеру және бақылау материалдары Кәсіподақтың жоғарғы органына жіберіледі.

4.1.5. Тексерілу объектісі бір ай ішінде тексеру материалдары мен нәтижелерін қарастырып, орын алған кемшіліктерді жою шараларын іске асырып,олардың орындалуы туралы тексерген комиссияны мәлімдендіреді. Орын алған кемшіліктерді жою туралы талаптары көрсетілген мерзімде орындалмаса, кінәлі тұлғаларды ҚР заңнамаларына сәкес жауапкершілікке тарту туралы мәселелерді тексеруші комиссия Кәсіподақтың жоғарғы органына мәлімдейді.

4.1.6. Тексеру-ревизиялық комиссиясын қаражаттандыру Кәсіподақ Орталық Кеңес есебінен іске асырылады.