Тарихы

«SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы» республикалық қоғамдық бірлестігі Қазақстан Республикасындағы ең ірі салалық кәсіподақтардың бірі. Денсаулық сақтау ұйымдарының, ғылыми орталықтар, санаторий-курорттық және басқа да медициналық ұйымдардың қызметкерлерін, студенттер мен жоғары және орта кәсіптік білім беру мекемелерінің оқушыларын біріктіреді.

Кәсіподақтың Құрылуы

2018 жылғы 12 сәуірде Қазақстан Республикасының 14 өңіріндегі медициналық ұйымдардың өкілдерінің қатысуымен Құрылтай Съезінде «SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы» республикалық қоғамдық бірлестігін құру туралы шешім қабылданды.

2018 жылғы 24 сәуірде Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігімен «SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы» республикалық қоғамдық бірлестігі және Кәсіподақ Жарғысы тіркелді.

«SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы» республикалық қоғамдық бірлестігінің құрамына ресми түрде тіркелген 16 аймақтық филиал кіреді, оның ішінде 14 облыстық және екеуі Астана мен Алматы қалаларында.

2018 жылғы 22 маусымда «SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы» республикалық қоғамдық бірлестігі «Қазақстан Республикасы кәсіподақтар Федерациясы» Республикалық кәсіподақтар бірлестігінің құрамына мүшелік ұйым ретінде қабылданды.


Деятельность

Қызметі

Қызметінің негізгі мақсаты – Кәсіподақ мүшелерінің жеке, ұжымдық, әлеуметтік-еңбектік, кәсіби, экономикалық және өзге де құқықтары мен мүдделерін қорғау және өкілдік ету. Өз қызметінде атқарушы билік органдарынан, жергілікті өзін өзі басқару органдары, жұмыс берушілер және олардың бірлестіктерінен, саяси партиялар және басқа да қоғамдық бірлестіктерден тәуелсіз болады, оларға есеп бермейді. Олармен қарым-қатынасты әлеуметтік әріптестік, диалог және ынтымақтастық негізінде құруда.

Социальное партнерство

Әлеуметтік әріптестік

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі мен «SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы» РҚБ және «Ұлттық денсаулық сақтау палатасы» ЖК ж ТБ арасында жасалған 2018-2019 жылдарға арналған салалық келісім Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен 2018 жылғы 8 тамызда № 39 тіркелген.

Членство в иных организациях

Өзге ұйымдарда мүшелік:

«SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы» республикалық қоғамдық бірлестігі 2018 жылғы 22 маусымнан бастап «Қазақстан Республикасы кәсіподақтар Федерациясы» Республикалық кәсіподақтар бірлестігінің мүшелік ұйымы болып табылады.