КӘСІПОДАҚ БІЛІМ БЕРУ СЕМИНАРЛАРЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ!

Қазақстан Республикасы кәсіподақтар Федерациясының Жапондық JILAF Еңбек қорымен ынтымақтастығы аясында ағымдағы жылдың 21-25 маусымында онлайн форматта «Еңбек нарығындағы жағдай туралы» ХЕҰ бағдарламасы шеңберінде JILAF «FY2021Еуразиялық команда» шақыру бағдарламасы бойынша оқыту семинары өтті.

Аталған іс-шараның мақсаты шетелдік кәсіподақ қозғалысы саласында кәсіподақ белсенділерінің дағдыларын арттыру болып табылады.

JILAF шақыру бағдарламасына қатысу үшін жастар арасынан «Келешек» Жастар Кеңесінің отырысында «30 Еңбек Елшісі» кәсіподақ жобасының жеңімпазы – «SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы» РҚБ Қарағанды облыстық филиалы төрағасының орынбасары Сұлтан Медеубаевтың кандидатурасы таңдалды.

Бұдан басқа, Қазақстан Республикасынан қатысушылар машина жасаушылардың салалық кәсіптік одағының төрағасы — Төлеген Қазанғапов және Павлодар облысы кәсіподақ Орталығының төрайымы — Динара Айтжанова болды.

Оқу бағдарламасында ашық диалог, өзекті және өте қызықты ақпараттың үлкен көлемі қарастырылған, мысалы:

Жапонияда «Медициналық қызметкерлер арасында өндірістегі жазатайым оқиға» (COVID-19 ауруы) сақтандыру жағдайы деп тануға өтінімдерді мақұлдау практикасы. 2021 жылғы 21 мамырдағы жағдай бойынша 9064 өтінім берілді, оның ішінде 5507 өтінім төлемге мақұлданды.

Өкінішке орай, бізде Қазақстанда COVID-19 ауруы сияқты сақтандыру түрі бойынша әзірше сақтандыру жағдайы деп танылмайды.

Жапония әлемнің 156 елінің арасында Гендерлік теңдік индексі бойынша 120-шы орында тұр, бұл пайыздық қатынаста елдің барлық еңбек тұрғындарының 10% — ын құрайды. Салыстыру үшін, гендерлік белгісі бойынша қазіргі алшақтық дәрежесі өлшенетін Дүниежүзілік экономикалық форумның Global Gender Gap Report 2020 баяндамасына сәйкес Қазақстан Республикасы 72-орынды алады, бұл пайыздық қатынаста шамамен 30% — ды құрайды.

Жапония кәсіподақтарының жұмыс тәжірибесі туралы алған білім олардың елінің еңбек қатынастарындағы жағымды да, жағымсыз да жақтарын көрсетті.

Халықаралық тәжірибе алмасу бойынша көптеген аспектілерді біздің кәсіподақ жұмысында қолданамыз және нормативтік-құқықтық актілерді жетілдіру бойынша ұсыныстар енгіземіз.

COVID-19 коронавирустық инфекциясынан туындаған пандемияға байланысты оқыту онлайн режимінде өтті. Сонымен қатар, бізде 2022 жылы офлайн режимінде семинарларға қатысудың басым құқығы сақталды.

#kasipodaqkz
#БКҰ21
#ҚРКФ
#Қарағанды #БастауышКәсіподақҰйымыЖылы
#30ЕЕ