Наурыз мейрамы-көктем мерекесі, табиғаттың жаңаруы, жаңа жылдың басталуы, жаңа өмір.

Наурыз 22 наурызда көктемгі күн мен түннің теңелу күні атап өтіледі.Ол бес мың жылдан астам уақыт бойы көктем мен жаңару мерекесі ретінде тойланып келеді.

««SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы» РҚБ Қарағанды облыстық филиалы бастауыш кәсіподақ ұйымдарымен бірлесіп жыл сайын Наурыз мейрамына арналған салтанатты іс-шараларды өткізеді. Әрбір бастауыш кәсіподақ ұйымы өз ұжымында бай концерттік бағдарламамен, ұлттық тағамдармен, ұлттық спорттық ойындармен, сондай-ақ түрлі сыйлықтар, марапаттар мен сертификаттар табыстаумен іс-шаралар өткізді.

Филиал Атқару комитетінің шешімімен «SENIM»кәсіподақ мүшелеріне номиналы 20.000 теңге болатын 145 азық-түлік сертификатын бөлу туралы шешім қабылданды.

Еліміздің барлық тұрғындары үшін биылғы жыл тек жақсы оқиғаларға толы болсын! Баршаңызды жаңару мерекесімен құттықтаймыз, отбасылық амандық, зор денсаулық және тілектердің орындалуын тілейміз!