Медициналық жұмыскерлердің қызметтік және кәсіптік міндеттерін атқару кезінде олардың қауіпсіздігін құқықтық қамтамасыз ету

««SENIM»Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы» РҚБ Қарағанды облыстық филиалы «Медициналық жұмыскерлердің қызметтік және кәсіптік міндеттерін атқару кезінде олардың қауіпсіздігін құқықтық қамтамасыз ету» тақырыбында жыл сайынғы семинар өткізді. Семинарға Қарағанды облысының құрылымдық бөлімшелерінің басшылары мен олардың орынбасарлары, сондай-ақ медициналық ұйымдардың заңгерлері қатысты.

Семинарды Қарағанды облыстық адвокаттар алқасының адвокаты, бизнес-тренер, заң ғылымдарының кандидаты — Елизавета Ахметова өткізді.