БАЛАЛАРҒА ҚАМҚОРЛЫҚПЕН

Қазақстанда 2022 жыл балалар жылы деп жарияланды!

«SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы» РҚБ Қарағанды облыстық филиалы «Облыстық балалар санаторийі» КМҚК кішкентай пациенттеріне кинотеатрға қызықты сапарға 150 билет сатып алды.

Оларға «Секіргіш братва» атты түрлі-түсті фильм көрсетілді.

Барлық жастағы балалар осындай уақытты өткізуге қуанышты болды және көптеген жағымды эмоциялар алды. Ең бастысы, олардың жүздерінде күлкі мен қуаныш болды.

Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев балаларға ерекше назар аудару керектігін атап өтті. Балалардың әл-ауқаты — Қазақстанның табысты болашағының сенімді кепілі!