ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ КҮНІ!

Дүниежүзілік еңбекті қорғау күніне байланысты «SENIM «Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы» РҚБ Қарағанды облыстық филиалы «еңбек қауіпсіздігі – қызметкерлердің денсаулығын сақтаудың негізі»тақырыбында семинар өткізді.

«SENIM» Денсаулық сақтау кәсіподағының Қарағанды облыстық филиалы төрағасының орынбасары — Сұлтан Медеубаев құттықтау сөз сөйледі.

Семинарға 35 «SENIM»бастауыш кәсіподақ ұйымдарының қауіпсіздік техникасы және еңбекті қорғау жөніндегі инженерлері қатысты.

Семинардың дәріскері еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы сарапшы Гүлнара Нарымбаева болды.

Семинар барысында қатысушылар өз білімдерін арттырып, даулы мәселелерді талқылады, командалық жұмыста әртүрлі жағдайларды талдады және іс-шара соңында өз бетінше тестілеуден өтті.

Семинар соңында Қарағанды облысының Кәсіподақ орталығы төрағасының орынбасары Татьяна Шатохина одан әрі жемісті жұмыс және адам құқықтарын қорғау тілектерімен сөз сөйлеп, қатысушыларға сертификаттар табыс етті.

ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ КҮНІ ҚАУІПСІЗДІК ТЕХНИКАСЫ ТАЛАПТАРЫН ОРЫНДАУ ҚАЖЕТТІГІН ТАҒЫ ДА ЕСКЕ САЛУҒА СЕБЕП БОЛДЫ.