«ТІЛ-ҰЛТТЫҢ ЖАНЫ»

«SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы» РҚБ Қарағанды облыстық филиалы «Қарағанды облысының денсаулық сақтау басқармасы» ММ бірлесіп «Қазақстан халқы тілдері күні» мерекесі және Ахмет Байтұрсыновтың 150 жылдық мерейтойы қарсаңында конкурс өткізді.

Қарағанды облыстық «SENIM» кәсіподағының төрағасы Ноян Бидайбаев және Қарағанды облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Қалдыбек Исмаилов кіріспе сөз сөйледі.

«Тіл-ұлттың жаны» байқауы 2 кезеңде өтті. Бірінші кезеңде облыстың 50-ден астам денсаулық сақтау ұйымдарының қызметкерлері «Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлы мұрасы» тақырыбына эссе жазды, онда іріктелген он кандидат келесі кезеңге қатысты.

Екінші кезең 3 айналымнан тұрды:

1-айналым: Өзін-өзі таныстыру (LED экран арқылы бейнеролик, сахналық қойылым).

2-айналым: Менің ойым (Денсаулық сақтау саласында қазақ тілін дамытуға байланысты ұсыныс білдіру. Ұсыныс ауызша түрде айтылады, 5 минут уақыт беріледі, форматы қатысушының еркінде).

3-айналым: А.Байтұрсынұлының бір өлеңін жатқа оқу.

Байқау қорытындысы бойынша қазылар алқасының шешімімен нәтижелер айтылды:

1 орын — Никулин Юрий Анатольевич «Теміртау қаласының орталық ауруханасы», номиналы 200 000 теңге Сертификат;

2 орын — Васиев Акбар Саидрасулович «Облыстық жедел медициналық жәрдем станциясы», номиналы 150 000 теңге Сертификат;

3 орын — Исагулова Анастасия Владимировна «Қарағанды облыстық ЖИТС-пен күрес және оның алдын алу орталығы», номиналы 100 000 теңге Сертификат;

Сонымен қатар, Югай Любовь Андреевна «Профессор Х.Ж. Мақажанов атындағы көпсалалы аурухана» актерлік шеберлігі үшін қосымша жүлделі орынға ие болды, номиналы 50 000 теңге Сертификат.

Аталған іс-шара елімізде мемлекеттік тілді дамытуға көмектеседі және жастардың тіл мәдениетін арттырады.