«SENIM» Денсаулық сақтау кәсіподағының Қарағанды облыстық филиалы Халықаралық балаларды қорғау күнін мерекелеу қарсаңында мереке ұйымдастырды.

Филиал Атқару Комитетінің қаулысына сәйкес қызметкерлердің келесі санаттары бойынша номиналы 100 мың теңге болатын 25 ақшалай Сертификат тапсыру туралы шешім қабылданды:
— көпбалалы отбасылар;

— мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар.

Сонымен қатар, мерекелік бағдарламасы бар аниматорлар шақырылды, олармен бірге балалар көңілді болды. Соңында әр бала тәтті сыйлықтар пакетін алды.