10 қазанда Қазақстан Республикасының кәсіподақтар күні атап өтіледі.

««SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы» РҚБ Қарағанды облыстық филиалы кәсіптік мерекеге орай кәсіподақ мүшелерін Қазақстан Республикасы кәсіподақтар Федерациясының және «SENIM» кәсіподағының Орталық аппаратының грамоталарымен марапаттады.

Сондай-ақ әрбір бастауыш кәсіподақ ұйымында естелік сыйлықтар табыстаумен және концерттік бағдарлама өткізумен салтанатты іс-шаралар өткізілді.