ДӘРІГЕРГЕ АРНАЛҒАН ФЕМИДА ҚОЛЫ

«SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы» РҚБ Қарағанды облыстық филиалы Қарағанды облысының Денсаулық сақтау басқармасымен бірлесіп «Дәрігерге арналған Фемида қолы: медициналық адвокаттың пайдалы кеңестері» тақырыбында семинар өткізді.

Семинардың басты мақсаты медицина қызметкерлерін Қазақстан Республикасының заңнамасындағы медицина қызметкерлерінің мәртебесін арттыруға, медицина қызметкерлерінің мүдделерін заңсыз әрекеттерден қорғауға, медицина қызметкерлерінің өз құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау бойынша іс-әрекеттер алгоритмі туралы түсінігін қалыптастыруға бағытталған өзгерістер туралы құқықтық ақпараттандыру болып табылады.

Семинардың спикері Қарағанды облыстық адвокаттар алқасының адвокаты, бизнес-тренер, «Серіктестер» құқық және медиация орталығы» ЖМ кәсіби медиаторы, заң ғылымдарының кандидаты, Қарағанды экономикалық университетінің доценті Ахметова Елизавета Владимировна болды.

Медицина қызметкерінің құпиясын ашқаны үшін жауапкершілік, оны қылмыстық қудалау шеңберіне тартқан жағдайда медицина қызметкерінің іс-әрекеті және т. б. сияқты өзекті тақырыптар ашылды.

Семинар соңында толғандыратын тақырыптар талқыланып, оларды қызықтырған сұрақтарға жауаптар алынды.