SENIM ЖАС ДӘРІГЕРЛЕРДІ ҚОЛДАДЫ!

«SENIM» кәсіподағының Қарағанды облыстық филиалының төрағасы Ноян Бидайбаев пен төрағаның орынбасары Сұлтан Медеубаев Жезқазған аймағына жұмыс сапары барысында Сәтбаев қаласының ауруханасы, Жезқазған қаласының көпсалалы ауруханасы мен емханасының бастауыш кәсіподақ ұйымдарының мүшелерімен кездесті. Еңбек ұжымдарымен кездесу барысында бастауыш кәсіподақ ұйымдары төрағаларының есептері тыңдалып, медициналық жұртшылықты қызықтыратын мәселелер талқыланды. Медицина қызметкерлерінің мәртебесін көтеру және орын алған кадр тапшылығын болдырмау мақсатында Жезқазған қаласы емханасының жаңадан келген төрт жас маманына әрқайсысының номиналды құны 500 мың теңге болатын көтеру сертификаттары берілді.