Ардагерлер мен денсаулық сақтау қызметкерлерін марапаттау рәсімі

Медицина қызметкерлері күні қарсаңында «SENIM» кәсіподағының Қарағанды облыстық филиалы ардагерлер мен денсаулық сақтау қызметкерлерін үкіметтік және кәсіподақ наградаларымен марапаттау рәсіміне қатысты. Қарағанды облысының Медициналық жұртшылығын құттықтаған денсаулық сақтау Министрі Ақмарал Альназарованың сапары маңызды оқиға болды!

Сонымен қатар, Қарағанды облысының Әкімі Ермағанбет Булекпаев ауылдық өңірлерге жұмыс істеуге баратын жас мамандарға 8,5 млн.теңгеден сертификаттар табыс етті.

Дәрігерлер үшін жаңа Үйдің ашылуы да маңызды оқиға болды, 94 медицина қызметкері жаңа пәтерлердің кілтін алды.