ЕҢБЕК АДАМЫНЫҢ МҮДДЕСІ ҮШІН ӘЛЕУМЕТТІК СЕРІКТЕСТІК

Әлеуметтік әріптестер, «Қарағанды облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесі, «SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің Қарағанды облыстық филиалы және «Ұлттық денсаулық сақтау палатасы» 2023 — 2025 жылдарға арналған облыстық салалық келісімге қол қойып, ҚР еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінде 2023 жылғы 13 ақпандағы №288 тіркеді.

Облыстық салалық келісімде әлеуметтік қолдаудың негізгі блогы көзделген:

1) Денсаулық сақтау ұйымдары қызметкерлерінің жалақысын арттыру;

2) Біліктілік санаттарының іс-қимылдарының өткен мерзімдерін ескере отырып, медицина қызметкерлерінің еңбегіне ақы төлеу;

3) Жұмыс берушінің қаражаты есебінен жыл сайынғы еңбек демалысына сауықтыруға арналған жәрдемақы төлеу;

4) Жұмыс берушінің қаражаты есебінен ұзақтығы алты күнтізбелік күн болатын қосымша ақы төленетін еңбек демалысын беру;

5) Салауатты және қауіпсіз еңбек жағдайларын жасау;

6) Медицина қызметкерлерінің біліктілік деңгейін және кәсіптік дағдыларын арттырудан өтуді қамтамасыз ету.

#Әлеуметтіксеріктестікжылы #әлеуметтіксеріктестік #теңынтымақтастық #kasipodaqkz #кәсіподақкөмектеседі #ФПРК #Қарағанды #қауіпсізеңбек