«SENIM» Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты іс-шара өткізді

«SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» РҚБ Қарағанды облыстық филиалы Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты іс-шара өткізді. Құттықтау сөзімен Қарағанды облыстық кәсіподақ филиалы төрағасының орынбасары — Сұлтан Медеубаев және «Шарапат» ҚБ төрағасы, «Қарағанды жоғары медициналық интерколледж» ЖМ бас директоры — Аманжол Нұрбеков сөз сөйледі.

Салтанатты шараға әлеуметтік серіктестер — медициналық ұйымдардың басшылары, бастауыш кәсіподақ ұйымдарының төрағалары және кәсіподақ мүшелері қатысты.

Қарағанды жоғары медициналық интерколледжінің белсенділері салтанатты халық биімен және музыкалық нөмірмен безендірді.

Филиал Атқару комитетінің қаулысымен Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай номиналы 100 мың теңгеден тұратын 10 қайырымдылық сертификатын бөлу туралы шешім қабылданды.

Денсаулық сақтау жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгісімен — статистика бөлімінің меңгерушісі, «Облыстық балалар клиникалық ауруханасы» КМК бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы — Лиза Асанбекова марапатталды;

Әлеуметтік әріптестікті нығайтуға және кәсіподақ қозғалысын дамытуға қосқан үлесі үшін «SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің төсбелгісімен марапатталды:

«Қарағанды қаласының № 4 емханасы» КМК директоры — Серік Құлмағанбетов; «Шахтинск қаласының емханасы» КМК директоры — Мәулен Қажыкенов;

«Қарағанды қаласының № 1 емханасы» КМК директоры — Саят Башеков;

«SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің Қарағанды облыстық филиалының бас бухгалтері — Лариса Калашник.

Сондай-ақ, «SENIM» кәсіподақ орталық аппаратының мүшелері көп жылдық және адал еңбегі үшін Құрмет грамоталарымен және Алғыс хаттармен марапатталды.