«SENIM» КӘСІПОДАҒЫНЫҢ ИГІ ІСТЕРІ !

Қарағанды облысында Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының «Kazakhstan En’bek Adamy» Корпоративтік қорының қолдауымен ұйымдастырылған «QAMQOR QAZAQSTAN» әлеуметтік жобасын іске асыру жалғасып жатыр. «SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі қызметкерлерінің салалық кәсіподағының Қарағанды облыстық филиалы да игі істі қолдап, бұрын медициналық мекемелерде жұмыс істеген әлеуметтік осал отбасылар үшін азық-түлік жиынтығын таратуды ұйымдастырды.

Денсаулық сақтау жүйесі қызметкерлерінің кәсіподақ белсенділерімен қайырымдылық көмек көрсету үшін отбасылар тізімі жасалып, бірқатар азық-түлік сатып алынды. Кәсіподақ өкілдері еріктілермен бірге азық-түлік жиынтығын мекен-жайларға жеткізуді қамтамасыз етті.

Көп балалы отбасылар мен еңбек ардагерлері кәсіподақтардың қамқорлығы мен көмегіне ризашылықтарын білдірді. Бұл бірлескен игі істер әлеуметтік қолдау мен қарапайым қарым-қатынастың, азаматтық қоғамның бірігуі мен өзара түсіністіктің қаншалықты маңызды екенін тағы да көрсетті!

Төтенше жағдай кезінде «SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі қызметкерлерінің салалық кәсіподағының Қарағанды облыстық филиалы 900-ден астам медицина қызметкерлеріне қайырымдылық көмек және қолдау көрсетті. Игі істер жалғасуда !

BIZ BIRGEMIZ !

#ҚРКФ #Қарағанды #кәсіподақ #Келешек #Senim #BizBirgemiz