Қозғалыс — бұл өмір!

«KYZMET» салалық кәсіподағының облыстық филиалы ұйымдастыруымен өткен үстел теннисінен спорттық кездесуіне, «SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің Қарағанды облыстық филиалы қатысты.

Кездесу Анатолий Степаненконың «Олимпиадалық резерв» спорт мектебінде өтті. «SENIM» кәсіподағынан Жаңаарқа аудандық орталық ауруханасының өкілі Жанболат Әбжанов пен Мақажанов атындағы емхананың өкілі Юрий Волков қатысты.

Жеңімпаздар кубоктармен, медальдармен және құрмет грамоталарымен марапатталды. Олардың ішінде «Ең техникалық ойыншы» номинациясында Жанболат Әбжанов марапатталды.

Дені сау болу үшін спортпен шұғылдану керек, өйткені «Қозғалыс-бұл өмір!».