«SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы» Қарағанды облыстық филиалы «Қарағанды облысының денсаулық сақтау басқармасы» ММ-мен бірлесіп Қазақстан Республикасы күніне орай салтанатты іс-шара өткізді.

Медицина қызметкерлері Төсбелгілермен және Құрмет грамоталарымен марапатталды.

«SENIM» салалық денсаулық сақтау кәсіподағының төсбелгілерімен марапатталды:

— Ольга Травнева — «Осакаров ауданының аудандық ауруханасы» ШЖҚ КМК директоры;

— Сания Буранқұлова — «Қарағанды қаласының №3 емханасы» КМК директоры;

— Бейбіт Сағымбаев — «Қарағанды облыстық ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес орталығы» КМК директоры.

Сондай-ақ, әрбір бастауыш кәсіподақ ұйымында концерттік бағдарламамен және грамоталармен іс-шаралар өткізілді.