«SENIM» Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай салтанатты іс-шаралар өткізді

««SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы» Қарағанды облыстық филиалының бастауыш кәсіподақ ұйымдары Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай салтанатты іс-шаралар өткізді.

Еңбек ұжымдарында концерттік бағдарламалар, құрмет грамоталары мен алғыс хаттар табысталып, ойын-сауық ойындары ұйымдастырылды.

Сондай-ақ, кәсіподақ мүшелері «SENIM” денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы» РҚБ төсбелгілерімен және номиналы 100.000 теңге ақшалай сертификаттармен марапатталды.