Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына орай 9 құмалақ, шахмат және шашкиден шағын жарыс өтті

Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына орай «Облыстық жедел медициналық көмек көрсету станциясында» «Senim» бастауыш кәсіподағының төрағасының ұйымдастыруымен 9 құмалақ, шахмат және шашкиден шағын жарыс өтті. 9 құмалақтан 2 қ/с фельдшері Ермек Айгерім қанжағасына байлады. Шашкидан 1 қ/с жүргізушісі Алмаз Сұлтанбеков алдына жан салмайды бас жүлдені жеңіп алды. Ал шахматтан 1 қ/с фельдшері Ержан Абдикалиев бас жүлдеге ие болды. Ертеңгі облыстық жарыста бағын сынайтын жеңімпазымыз Ержанға сәттілік тілейік. Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік болсын!