Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Күнін мерекелеу қарсаңында стипендиаттарға сертификаттарды салтанатты түрде табыс етті

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Күнін мерекелеу қарсаңында «SENIM» денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы Республикалық қоғамдық бірлестігінің Қарағанды облыстық филиалының төрағасы Ноян Бидайбаев стипендиаттарға сертификаттарды салтанатты түрде табыс етті.

«SENIM» денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы» РҚБ Орталық кеңесі атқару комитетінің 2021 жылғы 11 қарашадағы №125 қаулысына сәйкес үздік оқуы және кәсіподақта адал жұмысы үшін келесі студенттерге 2021-2022 оқу жылына атаулы стипендия тағайындалды:

Сержанова Дана Ернарқызы – «Қарағанды жоғары мейіргер Интерколледжі» ЖМ мейіргер бөлімінің 3 курс студенті;

Орынбек Ажарлым Ақылбекқызы – «Балқаш қаласының медициналық колледжі» КМҚК емдеу ісінің 4 курс студенті.

«Қарағанды жоғары мейіргер Интерколледжі» ЖМ бас директоры, «Шарапат» ҚБ төрағасы Аманжол Нұрбеков алғыс сөз сөйлеп, кәсіподақтың колледж жағдайында да, барлық медицина қызметкерлері үшін де рөлі мен маңыздылығын атап өтті.

#kasipodaqkz #БКҰ21 #kasipodaqkomektesude #ӘлеуметтікӘріптестік #ҚалыңҚалайБастауыш #ҚРКФ #Қарағанды #БастауышКәсіподақҰйымыЖылы #kasipodaqkz1010 #denprofsoyuzov1010 #kasipodaqkuni1010 #деньпрофсоюзов1010