ҮЗДІК ФЕЛЬДШЕРЛІК БРИГАДАСЫ

Облыстық жедел медициналық жәрдем станциясының бастауыш кәсіподақ ұйымы медицина қызметкерлерінің кәсіби мерекесі қарсаңында Қарағанды облысының үздік фельдшерлік бригадасына байқау ұйымдастырды. Байқауға облыстың қалалары мен аудандарының барлық қосалқы станцияларынан 12 бригада қатысады. «SENIM» кәсіподағының Қарағанды облыстық филиалының төрағасы Ноян Бидайбаев пен төрағаның орынбасары Сұлтан Медеубаев қазылар алқасы ретінде қатысты. Сонымен қатар, байқауға қатысушыларды «Қарағанды жоғары медициналық интерколледж» ЖМ директоры Аманжол Нұрбеков, денсаулық сақтау ардагері Серік Каюпов және басқа да денсаулық сақтау саласының жетекші мамандары бағалайды.

Конкурс жаңадан салынған және пайдалануға берілген Қарағанды қаласының №2 типтік қосалқы станциясында өткізіледі.

Симуляциялық тапсырмалар мен тест сұрақтарынан тұратын байқау қорытындысы бойынша нәтижелер шығарылатын болады.