Жеке стипендия тағайындау

«SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы» РҚБ Орталық кеңесі Атқару комитетінің шешіміне сәйкес атаулы стипендия тағайындалды:

  1. Асылхан Төрехановқа – «Қарағанды облыстық жоғары мейіргерлік колледжі» КМК мейіргер бөлімінің 4 курс студенті;
  2. Толғанай Кәрібозова «Балқаш қаласының медициналық колледжі» КМҚК емдеу ісінің 4 курс студенті.

Халықаралық студенттер күніне орай сертификаттар табысталды!
Оларға табыс тілейміз!