ДЕНІ САУ ҰЛТ- МЕМЛЕКЕТІМІЗДІҢ ЖЕТІСТІГІНІҢ КЕПІЛІ !

Ашық және көпжоспарлы диалогта «Профессор Хафиз Жаңабайұлы Мақажанов атындағы көпсалалы аурухана» ШЖҚ КМК бастауыш кәсіподақ ұйымының кәсіподақ мүшелерімен онлайн-кездесу өтті.

Бастауыш кәсіподақ ұйымының онлайн – кездесуіне Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы төрағасының бірінші орынбасары Мұхтар Тінікеев; «Senim» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің Салалық кәсіптік одағы»РҚБ төрағасы Сапарбек Дүйсенов; Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Екатерина Смышляева; Қарағанды облысының Кәсіподақ орталығының төрағасы Болат Жұмабеков;«SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің Салалық кәсіптік одағы» РҚБ Қарағанды облыстық филиалының төрағасы Ноян Бидайбаев; «Қарағанды облысының Денсаулық сақтау басқармасы» ММ басшысының орынбасары Бибігүл Төлегенова;«Профессор Х. ж. Мақажанов атындағы көпсалалы аурухана» ШЖҚ КМК директорының орынбасары Талғат Жүкен; «Профессор Х.Ж. Мақажанов атындағы көпсалалы аурухана» ШЖҚ КМК жанындағы «SENIM» бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Андрей Пан қатысты.

Жылы кездесуге 70-тен астам адам қатысты.

«SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің Салалық кәсіптік одағы»РҚБ Қарағанды облыстық филиалының жұмысы туралы — Ноян Бидайбаев — «SENIM «Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы»РҚБ Қарағанды облыстық филиалының төрағасы сөз сөйлеп, көп жылғы адал еңбегі мен денсаулық сақтау саласындағы кәсіподақ қозғалысын дамытуға қосқан жеке үлесі үшін клиниканың орта медицина қызметкерлері — Сәуле Бекбаева мен Әсем Шержанованы 100 мың теңгеден номинал сертификаттармен марапаттады.

Елена Хван-клиникалық шығын топтары бөлімінің бастығы;

Сәуле Смағұлова — токсикология бөлімінің меңгерушісі;

Динара Тоқсанбаева — Офтальмология бөлімшесінің меңгерушісі;

Талғат Жүкен-директордың емдеу ісі жөніндегі орынбасары кездесу барысында медицина қызметкерлері үшін өзекті сұрақтар қойып, жауаптарын алды.

Бұл медициналық қызметкерлердің құқықтық қорғалуы, халық арасында оң имиджді нығайту, әлеуметтік желілердегі жалған ақпараттан қорғау мәселелері.

Өзекті мәселе — медицина қызметкерлерінің санаттарын жою. «SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы»РҚБ төрағасы Сапарбек Дүйсенов бұл мәселе жайында түсіндіріп, медицина қызметкерлерінің біліктілік деңгейіне сәйкес еңбекақы төлеу тетігін айқындайтын салалық келісімге қосымша келісімге қол қою туралы шешім қабылданғанын хабарлады.

Кездесу соңында барлық қатысушылар әлеуметтік әріптестік тараптарына алғыстарын білдіріп, мықты денсаулық және игі жұмыста жаңа табыстар тіледі !

#Әлеуметтікәріптестікжылы
#әлеуметтікәріптестік #еңбекқатынастары
#kasipodaqkz #ӘлеуметтікӘріптестік
#kasipodaqkomektesude #ҚРКФ#Қарағанды
#ҚауіпсізЕңбек