«SENIM» Қарағанды облыстық филиалы медициналық ұйымдарда емделу мен оңалтудағы балаларды, балалар қорғау Халықаралық Күнімен құттықтады

«SENIM» Денсаулық сақтау кәсіподағының Қарағанды облыстық филиалы бастауыш кәсіподақ ұйымдарымен бірлесіп медициналық ұйымдарда емделу мен оңалтудағы балаларды, балалар қорғау Халықаралық Күнімен құттықтады. Филиал Атқару комитетінің қаулысымен қызметкерлердің келесі санаттары бойынша номиналы 100 мың теңге болатын 25 ақшалай Сертификат тапсыру туралы шешім қабылданды:

— көпбалалы отбасылар;

— мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар.

Сондай-ақ, Филиал Облыстық балалар санаторийіне кір жуғыш машинаны сатып алу түрінде, Шапағат балалар Үйіне екі балалар арбасын сатып алуда қайырымдылық көмек көрсетті. Барлық бастауыштарда суреттер мен билердің шығармашылық конкурстары ұйымдастырылып, мерекелік бағдарламамен аниматорлар шақырылды.