Халықаралық балаларды қорғау Күні қарсаңында «SENIM» Қарағанды филиалының төрағасы облыстық балалар ауруханасының жаңа ғимаратының ашылуына қатысты

Халықаралық балаларды қорғау Күні қарсаңында «SENIM» Денсаулық сақтау кәсіподағының Қарағанды облыстық филиалының төрағасы Ноян Бидайбаев, «SENIM» кәсіподағының бастауыш ұйымы болып табылатын Көпсалалы облыстық балалар ауруханасының жаңа ғимаратының ашылуына қатысты. Ашылу салтанатына Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев, Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Бибігүл Төлегенова, Кәсіподақ орталығының төрағасы Болат Жұмабеков, медициналық қоғам және медициналық ұйымдардың басшылары қатысты. Аурухананың жаңа ғимараты 200 төсекке арналған, заманауи, жоғары технологиялық жабдықтармен жабдықталған, бұл сапалы және уақтылы медициналық көмек көрсетуге мүмкіндік береді. Жаңа ауруханада қызметкерлер үшін ең қауіпсіз және жайлы еңбек жағдайлары қарастырылған.