«SENIM» Қарағанды облыстық филиалы «SENIM”-мен мектепке жол» акциясын өткізді

«SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің Қарағанды облыстық филиалы бастауыш кәсіподақ ұйымдарымен бірге, Білім күнін мерекелеу қарсаңында жыл сайынғы «SENIM”-мен мектепке жол» акциясын өткізді.

Іс-шараның мақсаты көпбалалы және аз қамтылған отбасылардан шыққан бастауыш сынып кәсіподақ мүшелерінің балаларына материалдық көмек көрсету болды.

Мектеп рюкзактары барлық қажетті кеңсе тауарларымен толтырылды. 1100 бала қамтылды.

Іс-шараға балалар шоу-бағдарламасымен аниматорлар шақырылды.

Балалар көңілді және тату уақыт өткізді.