Приозерск қаласының Орталық ауруханасының ұжымымен еңбекақы төлеу мәселелері бойынша кездесу өткізілді.

Бұған дейін демалысқа қосымша 6 күн берілмеу, сондай-ақ сауықтыру жәрдемақысын төлемеу фактісі бойынша өтініштер болған. Бүгінгі таңда жоғарыда аталған барлық әлеуметтік кепілдіктерді қарастыратын ұжымдық шартқа қызметкерлер мүддесі үшін қол қойылды.