Теміртау қаласының «№3 Орталық Емханасы» ЖШС ұжымымен кездесу өткізілді.

Кәсіподақ мүшелерімен еңбек заңнамасының негіздері, салалық келісім шеңберіндегі әлеуметтік кепілдіктер, сондай-ақ Ұжымдық шарт жасасу тетігі талқыланды. Айта кетейік, емхана мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында ашылған, қауіпсіз еңбек жағдайлары мен жайлы жұмыс орындары бөлігінде барлық стандарттарға сәйкес келетін жаңа ғимараты бар.