«Қазақстан Республикасының кәсіподақ қызметкері күнін» мерекелеуге арналған салтанатты іс-шара өткізілді

2021 жылғы 5 қазанда Саран қаласының орталық ауруханасында «Қазақстан Республикасының кәсіподақ қызметкері күнін» мерекелеуге арналған салтанатты іс-шара өткізілді. Кәсіпорын директоры Иван Ермолаев, бастауыш ұйым төрағасы Зура Нұрғалиева, сондай-ақ «SENIM» кәсіподағының Қарағанды облыстық филиалы төрағасының орынбасары Сұлтан Медеубаев құттықтау сөз сөйледі.

Құттықтау сөзінде Сұлтан Медеубаев кәсіподақтың құрылу тарихы мен 10 қазан күні кәсіподақтар күнін мерекелеу күні ретінде бекітілгенін атап өтіп, Қарағанды облыстық Филиалының Атқарушы комитетінің қаулысымен қызметтік пәтер алған жас мамандар үшін 18 қысқатолқынды пеш сатып алуға демеушілік көмек көрсету туралы шешім қабылданғанын хабарлады. Іс-шара соңында кәсіподақ белсенділері құрмет грамоталарымен және алғыс хаттармен марапатталды.

#kasipodaqkz #БКҰ21 #kasipodaqkomektesude #ӘлеуметтікӘріптестік #ҚалыңҚалайБастауыш #ҚРКФ #Қарағанды #БастауышКәсіподақҰйымыЖылы #kasipodaqkz1010 #denprofsoyuzov1010 #kasipodaqkuni1010 #деньпрофсоюзов1010