«Жүргізушілер күніне»

Алдыңғы аптада «Облыстық жедел медициналық көмек көрсету станциясында»«SENIM» бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Жанар Ақыжанованың және техникалық бөлімнің басшысы Мақсұт Ермекбаевтың ұйымдастыруымен «Жүргізушілер күніне»орай «Үздік жүргізуші»атты алғаш байқау өткізілді. Облысымыздың әр түпкірінен келген жүргізушілеріміз бақтарын сынады. Тест түрінде дайындалған сұрақтарға жауап беріп теориялық білімдерін тексерсе, арнайы жабдықталған көлік мектебінің алаңында практикалық тәжірибелерін уақытпен жарыса көрсетті. 1 қосалқы станциясының жүргізушісі Константин Калугин шапшаңдығымен топты жарып бас жүлдені иеленді. Ал медициналық авиацияның жүргізушісі Ербол Құлмағанбетов небәрі 3 ұпайға артта қалып 2 орынды қанжығасына байлады. Жезқазғандық Рақымжан Ниязов біршама ұпаймен артта қалып 3 орынды иеленді. Бірнеше сағатқа созылған байқау соңында, қатысушылар бір бірімен қол алысып,жақын танысып жұмыстағы жеке тәжірибелерімен бөлісіп жатты. Байқау соңында, кәсіподақ төрағасы жүргізушілердің еңбегін ерекше бағалайтынын:әр науқасқа уақытылы барып, тиесілі ауруханаға уақытылы жеткізілуі жәнеде отбасымызға аман есен оралуымыз сіздердің арқаларыңызда деп ағынан жарылып жылы лебізін білдіріп арнайы дайындаған сыйлықтарын табыстады.